17.10.2022
Бүгін «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының У-23 тобында «Шебер – жастар ісі» тақырыбындағы ашық кәсіби бейімдеу сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – кәсіптік-еңбек қызметіне мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу, сыныптан тыс іс-шараларда алған кәсіптік іскерліктері мен дағдыларын жандандыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және адалдыққа тәрбиелеу.
«Шеберлік сыныбы» байқау түрінде өткізілді, оған екі команда – «Шеберлер» және «Ақылдылар» қатысты, байқаудың сарапшылары викториналарға белсенді түрде қатысып, командалардың өнерін бағалады.
Қолдан жасалған жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды: бисермен тоқу – Лебедева Ульяна, сыммен және ілмекпен тоқу –Рыскелдина Нурсара, сонымен қатар тігілген бұйымдардың дайын жұмыстары ұсынылды. Орамалдар мен бөкебайларды байлау бойынша мастер-класс көрсетілді.
Іс-шараны дайындап, өткізген – өндірістік оқу шебері Н.П.Симченко мен сынып жетекшісі Т.А.Лямина.