Текст
2022 жылғы 1 қазан күні І.Есенберлин атындағы аудандық орталық кітапханада жастар ресурс орталығымен бірлесіп «Бірлік – халықтар достығында» тақырыбындағы төзімділік сағаты өткізілді.
Іс-шараға АИК колледждің білім алушылары қатысып, диспора мүшелері – шешен-ингуш қоғамының өкілі Руслан Аубакирович Зарахов пен славян қоғамының өкілі Наталья Фёдоровна Золотаренко шақырылды. Атбасар ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы құттықтау сөзбен сөйледі.
Іс-шараның мақсаты: толеранттылыққа баулу, әртүрлі халықтардың дәстүрлері мен мәдениеттеріне құрметпен қарау.