10.11.2022
09.11.2022 ж. колледжде жалпы білім беретін пәндерінің ӘБ отырысы өтті. Күн тәртібінде ашық сабақтарды талдау, сабақ жоспарының бірыңғай нысаны және педагогтарды аттестаттау сияқты мәселелер қаралды. Сабақтарды өткізгеннен кейін іс-шараға талдау жасау және талдау анализін ашық сабақ жоспарымен қоса тапсыру, сондай-ақ пән мұғалімдерінің осы сабақтарға қатысу механизмін әзірлеу ұсынылды. 130 бұйрық бойынша бірыңғай сабақ жоспары қаралып, электронды және қағаз түрінде сабақ жоспары болуы ұсынылды. Педагогтерді аттестаттау бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды. Соңында пән мұғалімдеріне аттестаттаудан өтуге көмектесу үшін шығармашылық топ құру бойынша тағы бір ұсыныс айтылды.