14.12.2022
14 желтоқсанда Атбасар қ. аграрлық-индустриялық колледжінің кітапханасында студенттердің Атбасар ауданының этникалық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесуі өтті: Белимова Елена Сергеевна – "Лад" ҚБ өкілі, Лассан Зинаида Николаевна – еңбек ардагері, "Лад" қоғамының мүшесі, Бакей Хазы – зейнеткер, қазақ тілі қоғамы, Асаев Дин-Магамед Адамович – төрағасы- Атбасар, Сандықтау аудандарының "Вайнах" шешен-ингуш этно-мәдени орталығының төрағасы
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасарының м.а. Раев Әділет Қаратайұлы «Жастар арасындағы этносаралық шиеленістің алдын алу» тақырыбында ақпарат ұсынды.
Әділ Қаратайұлы әңгіме барысында интернеттің зияны мен ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын жағымсыз ақпараттың мәнін ашты. Әңгімелесу барысында студенттер сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.
Кездесу соңында Әділ Қаратайұлы жастарды біздің көпұлтты отбасымыздың достығын, татулығы мен келісімін құрметтеуге және бағалауға шақырды!