Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021-2022 жылдарға арналған қорытындыларды шығару бойынша кезектілік өтті

29.12.2022 29 желтоқсан күні «Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінде» 2021-2022 жылғы қорытындыларды шығару бойынша сап өткізіліп, сапалы білім алудың маңыздылығын түсінетіндерді марапаттаумен басталды. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасымен Азат Талгатович Балекбаев марапатталды. Қазақстан Республикасы Президетнінің сайлауын өткізудегі жоғары кәсіптік және ұйымдастырушылық деңгейі үшін Татьяна Петровна Толкумбекова марапатталды. Құрметті Уатханұлы Қайролла - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Александра Романовна Лях Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсенді қатысқаны үшін республикалық қоғамдық штаб басшысы Ерана Қошановтың алғыс хатымен марапатталды. Ярош Сергей Владимирович Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Айна Мұсралимованың алғыс хатымен марапатталды. Балекбаев Азат Талгатович «Үздік тарих пәнінің мұғалімі» конкурсына қатысқаны үшін бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Атбасар қаласының тарихы» атты материал үшін Азат Талгатович Балекбаев Ыбрай Алтынсарин атындағы гылыми-практикалық журнал атынан сертификатпен марапатталды. «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына қатысқаны үшін Азат Талгатович Балекбаев «Өрлеу» республикалық бірлестігінің сертификатымен мараратталды. Кашина Анжелика республикалық «Алтын дән – Золотое зерно» шығармашылық конкурсына қатсқаны үшін екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақстан тарихы бойынша бесінші Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін Бештоева Лейла сертификатпен марапатталды. «Математика» пәні бойынша Республикалық «Мыңбұлақ» олимпиадасының бірінші дәрежелі Дипломымен Галюк Елизавета мен Мещеряков Владислав, Республикалық «Мыңбұлақ» олимпиадасына қатысқандары үшін ың алғыс хаттармен - Галюк Галина мен Гиря Ольга марапатталды. Сонымен қатар жаңа жылдық байқаулардың қорытындылары шығарылды: «Ең үздік жаңа жылдық ойыншық» байқауындағы үшін орын үшін ОП-11 тобы, екінші орын үшін У-23 тобы, бірінші орын үшін М-3 тобы марапатталды. Ең үздік жаңа жылдық құттықтау үшін үшінші орынды ТЭ-2 тобы, екінші орынды У-23 тобы иеленсе, бірінші орынды ТМ-1 тобыны бұйырды. Біздің колледждің ПМ-25 тобының студенті Жунусова Жулдыз бен ЭВМ-35 тобының студенті Приходько Екатерина Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалар байқауына қатысты. «Виктория» жобасы ең үздік деп танылып, бірінші орынды иеленді. Жулдыз бен Екатерина жеңімпаз Дипломы мен 150 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды! ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Колледж басшысы Лукин Владимир Валентинович колледждің барлық жеңімпаздарын құттықтап, келе жатқан Жаңа – 2023 жылы да жеткен жетістіктерге тоқтамауларын тіледі. Тәрбие бөлімі.
Просмотров: 121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст