15.02.2023
15 ақпанда жалпы білім беру пәндерінің ӘБ отырысы өтті. Бірінші болып К.Т. Досмұханова "Қазақстан тарихы сабақтарында колледждің 1-2 курс білім алушыларымен жұмыстағы іс-әрекеттік тәсіл негізінде оқу - тәрбие процесін жетілдіру" тақырыбында баяндама оқыды. Екінші мәселе бойынша педагогтерді аттестаттау Р. Н. Капасова сөз сөйледі, аттестаттауға және портфолиоға қажетті құжаттардың тізбесін және оларды ХҚКО-ға тапсыру мерзімдерін атады. Ашық сабақтар бойынша А. А. Ксебаева сөз сөйлеп, ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шаралардың өту критерийлерін атады. Сондай-ақ, емтихан материалы бойынша критерийлер берілді.