Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Басшының 2020 жылғы қызметі және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі.

«Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК басшысының 2020 жылы атқарылған қызметі туралы және

2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі

 

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу орнының ең жарқын жетістігі «Болашақ техникасы»  бірлескен жобасы аясында 66 млн. 929 мың теңге сомасына «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша грант алу болды. Жабдықтың құрамына виртаулды дәнекерлеудің 3 жиынтығы мен дәнекерлеу шеберханасына арналған түрлі жабдықтар кіреді.

2019 жылдан бері колледж «Жас маман» жобасына қатысып келеді. 2021 жылы келесі біліктіліктер бойынша жабдықтарды жеткізу жоспарланып отыр: 1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», 140104 2 – Сылақшы

1115000 – «Өңдірістегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)», 111504 2 – «Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсетуші электромонтері»

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 0508012, Аспаз

1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 120107 2 – Автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь

1403000 «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)», 1403082    Электргаздәнекерлеуші

1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»,  121106 2 – Тігінші,

Жалпы сомасы 236 млн.теңгеден артық.

          2020 жылы колледжде 15 мамандық бойынша оқыту жалғасуда (слайдтан оқуға болады). Білім беру бағдарламалары ҚР МЕМБС талаптарына сәйкес келеді және жұмыс берушілермен келісіледі. Осы жылдан бастап міндеттерінің бірі білім беру бағдарламаларын құрастыру және келісу болып келетін, жаңа құрылым – Индустриялық Кеңес енгізілді.

           2020 жылы өндірістік тәжірибе базаларының саны артты. Негізгі әлеуметік серіктестер болып келесі кәсіпорындар саналады (слайдтан оқуға болады).

2020 жылы инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны 88 адамды құрады. Оның ішінде:

 81 – штаттық қызметкерлер,

7 – лауазымды қоса атқарушылар

Оның ішінде:  магистр – 1

                   жоғары санатпен  – 8

                   бірінші санатпен – 20

                   екінші санатпен – 35

                   санатсыз  – 22.

          Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында колледжде тәжірибелі оқытушылар мен ө/о шеберлерінен тұратын супервизия (тәлімгерлік) жүйесі жұмыс істейді.

Аталған жүйенің арқасында жас мамандар көптеген байқауларға белсенді түрде қатысады. 2020 жылдың қорытындылары бойынша 49 жүлделі орындарға ие болды.  

Олардың ішінде: халықаралық деңгей  – 6

               республикалық деңгей – 17,

               аумақтық деңгей  – 26.

 

2020 жылы біліктілікті арттыру курстарынан 70 ИПҚ өтті.

2020 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждің білім алушылар контингенті 643 адамды және ЕЦ 166/4 мекемесі бойынша  105 адамды құрады.

Оқуға 343 білім алушылар қабылданды.

      Колледжде 22 қамқорлықтағы бала, 4 жетім бала, 9 мүгедек балалар, оның ішінде 4 бала көзі көрмеу бойынша мүгедектер және оқу орнының әлеуметтік төлқұжаты бойынша аз қамтылған, көп балалы отбастарынан шыққан балалар санатын  147 білім алушылар оқиды.

Жұмысшы мамандықтар  бойынша оқитын 612 білім алушылар колледж бойынша бұйрықпен ыстық тамақпен қамтылған. «Қаржы» мамандығы бойынша 4 білім алушы мемлекеттік қызметке сәйкес ыстық тамақпен қамтылған. «Нашар көрушілер» санатындағы мүгедек балалар 38 мың 128 теңге көлеміндегі жоғарылатылған шәкіртақы алады. Жетім балалар оларға бөлінген әлеуметтік пакетпен толық қамтылған.

В 2020 жылы үлгерім 100% құрады, білім сапасы  – 78%.

Қашықтықтан оқуға ауысқан кезде үйірмелер мен факультативтер өз жұмыстарын жалғастырып келеді. Онда білім алушылар түрлі жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. 2020 жылы 76 орынға ие болды. Оның ішінде халықаралық деңгейде – 26, республикалық деңгейде – 32, аумақтық деңгейде – 18 орынға ие болды.

       2020 жылы 338 білім алушы оқуды бітіріп, оның 311-і жұмысқа орналасты. Бұл ақпаратқа бала күтуіне байланысты демалысқа кеткен және ҚР Қарулы күштер қатарында қызмет ететін түлектер де кіреді.

 

2020 жылы МТБ толықтыру мен жаңартуға жұмсалған шығындар  15917,5 мың теңгені құрады.

2020 жылға арналған нақтыланған қаржыландыру жоспарына сәйкес 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Еңбек» бағдарламасына жергілікті бюджеттен 75679,0 мың теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді.  2020 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша меңгеру сомасы 75679,0 мың теңгені құрады, немесе 100%, оның ішінде жалақы – 20945,0 мың теңге, салықтар – 2027,0 мың теңге, тамақтандыру – 13187,0 мың теңге, басқа қорларды сатып алу – 4788,0 мың теңге, коммуналдық қызметтер – 250,0 мың теңге, байланыс – 204,0 мың теңге, басқа жұмыстар мен қызметтерді төлеу – 80,0 мың теңге, ағымдағы басқа шығындар – 392,0 мың теңге, жеке тұлғаларға арналған трансферттер – 524,0 мың тенге, шәкіртақы – 33282,0 мың теңге.  

       «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бағдарламасы бойынша 435134,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша меңгеру 435134,0 мың теңгені құрады, немесе 100% , оның ішінде жалақы 213989,0 мың теңге, салықтар -21355,0 мың теңге, міндетті сақтандыру – 265,0 мың теңге, дәрілік құралдар -230,0 мың теңге, отын мен ЖЖМ – 25465,0 мың теңге, тамақтандыру – 30249,0 мың теңге, басқа қорларды сатып алу – 15035,0 мың теңге, коммуналдық қызметтер – 40716,0 мың теңге, байланыс – 1689,0 мың теңге, басқа жұмыстар мен қызметтерді төлеу – 8857,0 мың теңге, іссапар шығындары – 1823,0 мың теңге, ағымдағы басқа шығындар – 4454,0 мың теңге, жеке тұлғаларға арналған трансферттер – 793,0 мың теңге, шәкіртақы – 70214,0 мың теңге.

2020 жылға арналған Жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорын 51448,8 мың теңге сомасында үш жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде:

Оқу ғимараты асханасының жылу жүйесін ағымдағы жөндеу - 24640,0 мың теңге сомасында.

Сыртқы жылу трассасының ағымдағы жөндеуі –17360,0 мың теңге сомасында.

Дәнекерлеу шеберханаларының ағымдағы жөндеуі –9448,8 мың теңге сомасында.

         Колледжден тыс студенттік өмір қашықтықтан оқу форматына көшуге байланысты бәсендеген жоқ. Бұдан бұрын білім алушылардың түрлі деңгейдегі байқаулардағы жетістіктері көрсетілген болатын. 2020-2021 оқу жылының тек бірінші жартыжылдығында тәрбие бөлімі 32 шара өткізді. «Мейірімді жүрек» волонтерлер жасағы Атбасар ауданы әкімінің сыйлығына ие болды. Аудандық мәдениет үйімен бірлесіп өткізген шараларда біздің қызметкерлер мен білім алушылар байқаулардағы жеңістері үшін бас жүлдеге ие болды. Колледждің барлық ақпараты күн сайын сайт пен әлеуметтік желілерге салынады. Колледждің инстаграм мен фейсбукта өз парақшасы бар.  

          ИПҚ, студенттер мен техникалық қызметтің бірлескен жұмысының нәтижесі болып «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК 2020 жылы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткендігі болып табалады. Он бес мамандықтың жетуі 5 жылға  аккредиттелді.   

Үлкен жұмыс бөлімдердің үйлесімдіктерінің арқасында атқарылды, бірақ білімді дамытудың мемлекеттік  бағдардамасына сәйкес біздің алдымызда келесі міндеттер тұр:

  1. Оқыту сапасын, мамандар даярлауды қамтамасыз ету мен ТжКБ беделін арттыру.
  2. ТжКБ дамытудың менеджменті мен мониторингін жетілдіру.
  3. Кәсіпкерлік оқыту жүйесін қалыптастыру.
  4. Түлектерді жұмысқа орналастыру.
  5. Білім беруді цифрландыруды қамтамасыз ету.
  6. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен салауатты өмір салты мәдениетін нығайту.
Жаңартылған күні: 26.02.2021 23:56
Құрылған күні: 26.02.2021 23:56

Текст