Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас маман

 

«Жас маман» жобасы!

 

Ақмола облысында өңірдегі колледждерді заманауи жабдықтармен жабдықтау бойынша «Жас маман» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Оған 11 оқу орны қатысты, олар жоба аяқталғаннан кейін халықаралық стандарттар бойынша жаңғыртылатын болады.

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылды және еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қолдау көрсетуге бағытталған. Заманауи жабдықталудың арқасында өңірдің 11 колледжінде бәсекеге қабілетті мамандарды, оның ішінде WorldSkills қозғалысының қатысушыларын даярлауда халықаралық стандарттарға жақындау мүмкіндігі пайда болады. Ақмола облысының 11 колледждерінің арасында біздің оқу орны да жалпы құны 236 млн.теңге құрайтын «Жас маман» жобасына қатысты.

«Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)», «Өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)» сияқты алты мамандық бойынша «Жас маман» жобасы жүзеге асырылатын оқу орны.

2021 жылы «Жас маман» жобасына сәйкес зертханалар мен тәжірибелік сабақтарды өткізетін шеберханалардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Бұл оқу орны үшін материалдық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі. «Жас маман» жобасы бойынша алынған заманауи өндірістік жабдықтар, академиялық еркіндік колледж жұмысына кең мүмкіншіліктер ашады.

 

 

Каппасова Раушан Нурлановна,

басшының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

 

 

Жаңартылған күні: 04.10.2022 18:36
Құрылған күні: 09.10.2023 22:30

Текст