«Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК-да Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, оның мақсаты студенттер арасында тәртіп бұзушылықты дер кезінде анықтау және алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған білім алушылармен жұмыс істеу болып табылады.
Кеңес отырысы барысында колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзған 1-2 курс студенттерінің 5 жеке ісі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша, 5 студент аталған білім алушыларды сүйемелдеу бойынша кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлеріне жеке ұсынымдар бере отырып, ішкі колледждік есепке қойылды. Бір студент оң мінездеме және сынып жетекшісінің атқарылған тәрбие жұмысы және мінез-құлқының тұрақты оң динамикасы туралы қолдаухаты негізінде есептен шығарылды. Кеңес жұмысына оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Т.П. Толкумбекова, педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ Атбасар ауданының ювеналды полиция инспекторы Б.Т. Рахымжанов қатысып, құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін реттейтін заңнама нормаларын түсіндірді.
Студенттердің ата-аналарына бақылауды күшейтуге, тәрбиелік қолдау көрсетуге және балалардың жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған жеке ұсынымдар берілді. Мұндай отырыстар құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады және колледжде қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын құруға ықпал етеді.