Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңес отырысының № 1 хаттамасы 2022-2023 оқу жылы

                                          Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

                               «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК

 

                                                Қамқоршылар Кеңесі отырысының № 1 хаттамасы

 

10.10. 2022ж.                                                                                                               Атбасар қаласы

 

Қатысқандар:

Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері

1. Куатбеков Куаныш Омурзакович – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары

 2.Тасмагамбетова Роза Мурзабековна – Атбасар ауданы кәсіпкерлер филиалының директоры

3. Токарев Михаил Александрович – жеке кәсіпкер, Атбасар аудандық мәслихатының депутаты  

4. Токжуманова Самал Сериковна – Атбасар ауданы полиция басқармасының қызметкері

5. Абинова Ботагоз Жалеловна – колледждің әлеуметтік серіктесі, жеке кәсіпкер

6. Сайдулаева Анна Руслановна – колледждің әлеуметтік серіктесі, жеке кәсіпкер

 7. Жунусова Гусни Омурбековна – 2-ші курстың ата-аналар қоғамдастығының өкілі

Шақырылғандар – «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК басшысы Владимир Валентинович Лукин, басшының ОӨЖ, ОТЖ, ОӘЖ жөніндегі орынбасарлары.

Қатыспағандар – 5 ,

Дәлелді себептермен – 5

Отырыстың күн тәртібі:

1.Оқу орнының мемлекеттік аттестаттауға қатысуы

(колледж басшысы В.В.Лукин)

2. Қамқоршылар Кеңесінің мүшелерінің 2022-2023 оқу жылындағы тізімін бекіту (басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова)

3. Келісім-шарттар жасау және с(басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары В.А.Зардиева)

Отырыс барысы:

           Бірінші сұрақ бойынша колледж басшысы Владимир Валентинович Лукни сөйлеп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінен хат келіп түскенін атап өтті. Онда

ҚР «Білім туралы» Заңының 1-бабының 44-1-тармақшасына сәйкес мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 1 тармағына сәйкес білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асады.

ҚР Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне мемлекеттік аттестаттаудан босатылады. Аталған норма 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 410-V1 Заңына сәйкес әрекет етеді. 2023 жылғы қаңтардан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау жүргізіледі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары ғана беретін болады.

Шешілді: Оқу орны Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 21-2-тармақшасына сәйкес білім беру ұйымын бағалау өлшемшарттарына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өту үшін құжаттама дайындауды бастасын.  

Екінші сұрақ бойынша Т.П.Толкумбекова сөйлеп, қатысушыларға Қамқоршылар Кеңесі туралы Ереженің 8 тармағына сәйкес Қамқоршылар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Оқу орнынын интернет ресурстарында «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК Қамқоршылар Кеңесінің құрамына мүшелер қабылдау туралы хабарландыру орналастырылды.

 

Шешілді: Ақпарат назарға алынсын.

Үшінші сұрақ бойынша ОӨЖ жөніндегі орынбасар В.А.Зардиева сөйлеп, қатысушыларды дуалды оқыту бойынша келісім-шартар жасалғаны туралы айтып берді. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 196 бұйрығына және РУМС-тың 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 және 2017 жылғы 16 маусымдағы № 2 хаттамасына, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы НОП енгізу туралы № 484 Қаулысына, сонымен қатар «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ 2014 жылғы 19  тамыздағы № 251 және 2016 жылғы 17 қазандағы № 269 бұйрықтарына сәйкес колледж  1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)»  0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша дуальды оқытуды енгізу бойынша эксперименттік алаңқайы болып табылады. Колледж және «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалы мен «Аждар и К» ЖШС араларында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды. Кәсіптік оқудың теориялық және өндірістік оқытуды жүзеге асыру бойынша төрт келісім-шарт жасалды: колледж  және Ақмола облысы Кәсіпкерлер  Палатасы, «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалы; «Аждар және К» ЖШС; «ҚТЖ» ҰК» АҚ; - «Четыре договора по реализации профессионального теоретического и производственного обучения: между колледжем,  Палатой Предпринимателей Акмолинской области и филиалом «Атбасарскийэлектровозоремонтный завод» ТОО «Камкор Локомотив»; ТОО «Аждар и К»; АО «НК» «КТЖ»- «Ірілендірілген Атбасар жол дистанциясы», «Жолаушылар тасымалы» ЖШС. Топтардың білім алушыларымен де келісім-шарттар жасалды.

Осы жоба шеңберінде оқу тәжірибелері оқу қызметінен қол үзбей тікелей кәсіпорындарда өтеді; оқу жұмыс бағдарламалары алдын ала кәсіпорындармен келісуден өтеді. Оқу үдерісі мен оқушылардың болашақ мамандығы арасында тікелей байланыс жүзеге асырылады. 2022 жылы «Папушина А.В.» ЖК мақсаттық дайындық бойынша  5 келісім-шарт жасалды.

Шешілді: Ақпарат назарға алынсын. Атбасар ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасының филиалымен нысаналы оқыту бойынша шарттар жасасуға дайын кәсіпорындар бойынша жұмыс істеу.

 

 

ҚК төрағасы Токарев М.А.- zoom режимінде

 

Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері:

 

Куатбеков Куаныш Омурзакович - zoom режимінде

 

Тасмагамбетова Роза Мурзабековна - zoom режимінде

 

Токжуманова Самал Сериковна –  zoom режимінде

 

Абинова Ботагоз Жалеловна- zoom режимінде

 

Сайдулаева Анна Руслановна - zoom режимінде

 

Жунусова Гусни Омурбековна - zoom режимінде

 

 

ҚК хатшысы Толкумбекова Т.П ----------------------------

 

 

Жаңартылған күні: 05.12.2022 15:38
Құрылған күні: 08.11.2023 21:19

Текст