Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жатақхана туралы ақпарат

Оқу орнының көпшілігін құрайтын, қаладан тыс жерлерден келетін білім алушылар жаңа жағдайға тез үйреніп, оқу және шығармашылық үдеріске толық назар аудару үшін, өздерінің ғылыми және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриалық колледж» МККҚ  білім алушылар үшін өмір сүрудің қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Бұл мақсатта колледждің 240 студентке арналған жайлы бөлмелермен (4 орынға арналған) қамтасыз етілген жатақханасы бар. Бөлмелер үлгілік нормаларға сәйкес жиһаздармен жабдықталған.

Жатақханада білім алушылардың өмір сүрулеріне барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Мұнда келесі нысандар бар:

  • тәрбиеші кабинеті;
  • білім алушылар оқудан бос уақыттарында телебағдарламалар көруге, көркем әдебиет оқуға, үстел ойындарын ойнауға, мәдени іс-шаралар, жатақхана жиналыстарын өткізуге мүмкіндік беретін эстетикалық безендірілген демалыс бөлмесі;
  • екі электрплитасымен, су жылытқыштармен, ішетін суды тазалауға арналған сүзгімен жабдықталған ас үй;
  • 2 душ бөлмелері.

 

Жатақханада тұрушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім алушылар үшін бекітілген ішкі тәртіп ережелері бар: бөлмелерді беру және қоныстану тәртібі, өткізу жүйесінің жұмысы, жатақханада тұратын білім алушылардың құқықтары мен міндеттері және басқа да ережелер.

Сонымен қатар осы мақсатта қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, «Қауіпсіздік техникасы бойынша журнал» жүргізіледі. Қабаттарда өртке қарсы өртсөндіргіштер, стендтер, эвакуация жоспарлары бар.

Жатақханада тұрушыларға қызмет көрсету деңгейі барлық талаптарға сәйкес келеді. Жатақханада ер балалар да, қыздар да тұрады. Оқытушылар, тәрбиеші, әлеуметтік педагог, психолог жатақханада тұрушылармен әңгімелесу және жеке кеңестер өткізеді.

Колледж әкімшілігі, жатақхана қызметкерлері жатақханадағы ішкі тәртіп және тұру  ережелерін сақтау бойынша жұмыс өткізеді. «Жатақхана туралы ережеге» сәйкес жатақханада тұру орындары бірінші кезекте азаматтардың келесі санаттарына беріледі: жетімдерге; ата-ана қамқорынсыз қалған білім алушыларға; мүгедектерге; аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушыларға; алыс аудандардан келген білім  алушыларға.

Колледж жатақханасындағы тәрбие жұмысы колледж директорымен бекітілетін оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жатақханадағы тәрбие жүйесінің мақсаты жатақханада тұратындарға физикалық және психологиялық денсаулығына байланысты жеке мәселелерін шешуде, оқытуда табысты ілгерілеуде, тиімді іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынаста, өмірлік, мансаптық, этикалық таңдаумен әлеуметтік ережелерді қабылдауда жедел көмек көрсету болып табылады.

Жатақханада тұратын білім алушылардың толыққанды өмір сүруі, оқуы және демалуы, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал үшін қалыпты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау үшін барлық күш-жігер жұмсалады. Қарым-қатынас мәдениетін, салауатты өмір салтын, рухани құндылықтарды, жалпы адамзаттық нормаларды игеру қажеттілігін қалыптастыру насихатталады.

Жатақханада өзін-өзі басқару органы – жатақхананың Студенттік кеңесі жұмыс істейді. Студенттік кеңес жатақхана меңгурешісімен, тәрбиешімен, басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, әлеуметтік педагогпен, жастар ісі жөніндегі комитет инспекторымен бірлесіп жатақханада тұрушылардың бос уақытымен, бөлмелердің санитарлық жағдайымен айналысады. Әкімшілікпен келісілген жатақхананың Студенттік кеңесінің шешімі жатақханада тұратын тұлғаларға міндетті болып саналады.

Жатақханадағы жұмыс – тәрбие жұмысының ең жауапты бөлімдерінің бірі.  Саналы тәртіпті, меншікке ұқыпты қарауды тәрбиелеу жатақханада тұратын студенттерді тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Жатақханада тұруды рәсімдеу үшін колледждің кеңсесіне немесе «электронды үкімет» веб-порталына хабарласу қажет. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 күнпарақ күн.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

Қызметтерді берушіге:

1)  жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына жатақханадан орын беру туралы осы Ережелердің 1 қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжат немесе цифрлық құжаттар қызметінен электронды құжат;
3) жеке тұлғаны куәләндіратын құжат, немесе цифрлық құжаттар қызметінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Порталда:
1) қызмет алушының ЭЦҚ расталған электронды құжат түріндегі жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электронды көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы, отбасының құрамы туралы (отбасы болған кезде); ата – анасының  қайтыс болуы туралы (жетім балалар үшін) не балалар үйінен анықтама; жасына байланысты зейнетақы төлемдерін/жәрдемақыларды алушының куәлігінің болуы туралы (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін); «Ммедициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген); өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растау туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91148 болып тіркелген) көрсетілетін  қызметтер туралы мәліметтер қызметті берушіге  «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

 

Жаңартылған күні: 17.08.2023 09:12
Құрылған күні: 17.08.2023 09:12

Текст