Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өндірістік оқыту - табысты болашақтың кепілі!

Өндірістік оқыту – табысты болашақтың кепілі!

Мамандарды дайындауға қойылатын басты талаптардың бірі – оның тәжірибемен байланысы, нақты міндеттерді, болашақ еңбек қызметінің ерекшеліктерін білу.

Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері – пәнді оқы кезінде алған теориялық білімдерді бекіту әрі тереңдету және жұмыстың тәжірибелік әдептерін меңгеру.

Бірінші курста оқып жүргеннің өзінде мен тәжірибені қай жерде өтсем екен деп ойлайтынмын. Менің таңдауым «Лакомка» кондитер цехына түсті.

Екінші курстам оқып жүргенде мен өзімнің алғашқы тәжірибеме бардым. Тәжірибе өту кезінде мен көп нәрсені үйрендім, көптеген жаңа мәліметтерді білдім және колледжде теорияны оқу кезінде алған білімдерімді бекіттім.

Үшінші курста бәрі басқаша болды. Мені кәсіпқой әрі маман ретінде оқытты. Мен тәжірибеде болған кезде ересек кондитерлердің бақылауымен торттар мен пирожныйлар  үшін дайындамалар пісірдім.

Тәжірибенің арқасында өзін көрсетуге және өзінді білікті маман және болашақта жақсы қызметкер ретінде көрсетуге мүмкіндік бар.

Тәжірибелік дағдылар тамақтандыру кәсіпорны қызметкерінің одан әрі жұмысында маңызды рөл атқарады. Парктика кезінде жинаған тәжірибе неғұрлым көп болса, жұмыс берушінің алдында жұмыста өзін көрсету және сол арқылы мұндай маманның тұрақты жұмыста қалу мүмкіндігі соғұрлым тиімді болады.

Соңғы курсты аяқтағаныммен мен мұңға да, қайғыға да батпаймын, өйткені мен өз болашағыма сенімдімін және алда мені Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінің қабырғасынан шығарылған маманның қызықты да тартымды өмірі күтіп тұр.

     ТҰК-31 тобының студенті Видута Надежда

 

 

Жаңартылған күні: 14.04.2021 10:01
Құрылған күні: 14.04.2021 10:15

Текст