Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұндай мамандық бар – "Техник-электрик"

 

«Техник – электрик» деген мамандық бар

«Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК   07130200 «Электрмен қамтамасыз ету», «Техник-электрик» біліктілігі бойынша мамандар даярланады,  оқу мерзімі 3 жыл 10 ай.

Техник-электрик мамандығының маңыздылығы:

Дәл техник-электрик  электрмен жабдықтау құралдарын жөндеу және қызмет көрсетумен айналысады. Ол электр желілерінің жұмыс ерекшеліктерін, қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды, әсіресе трансформаторларға қызмет көрсету ережелерін ерекше білуге міндетті.

Мамандықтың мақсаттары:

- Қосалқы станциялар мен желілердің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- Трансформаторлар мен электр қуатын түрлендіргіштерге қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындау;

- Электр қондырғыларының, релелік қорғаныс жүйелерінің және автоматтандырылған жүйелердің тарату құрылғыларының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;

 

-  Электрмен жабдықтаудың әуе және кабельдік желілеріне қызмет көрсету, жөндеу және монтаждау бойынша жұмыстарды орындау;

- Электрлік қосалқы станциялар мен желілерінің жабдықтарына жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;

- Электрмен жабдықтау құрылғыларын жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;

- Электр қондырғылары мен желілерінің жабдықтарын жөндеуге арналған құрылғылар мен аспаптарды баптау және реттеу;

- Электр өлшегіш құралдарды таңдау және берілген дәлдікпен түрлі электр және электремес шамаларды өлшеу;

-  Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау.

Техник электриктың кәсіби қызметінің нысандары:

- өндірістік кәсіпорындардың элеткрмен жабдықтау желілері;

- кернеуі 110 кВ қоса есептеген өндірістік электр қосалқы станцииялары;

- релейлік қорғау, бақылау-өлшегіш аспаптар, электр қуатын есепке алу құрылғылары, диспетчерлік байланыс пен телемеханика.

Техник-электриктердің кәсіби қызметінің түрлері

- электр жабдықтарын техникалық пайдалануды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау қызметін басқару және ұйымдастыру;

- өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау үдерісін технологиялық басқару және техникалық қызмет көрсету;

- электр қосалқы станциялардың электр жабдықтарын, электр беру және желілерді тарату желілерін техникалық пайдалану және жөндеу;

- электр қосалқы станцияларын, электр беру желілерін және желілерді таратуды жобалау және конструктивті әзірлеу.

Бізге келіңіз, біз сізді жоғары білікті маман етіп дайындауға кепілдік береміз!

Жаңартылған күні: 16.02.2022 12:57
Құрылған күні: 24.02.2022 15:43

Текст