Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біз болашақ мамандармыз. Біз-Қазақстанның болашағымыз" тақырып бойынша сынып сағаты

2021 жылғы 19 қараша күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша екінші курстың тобында «Біз – болашақ маманбыз. Біз – Қазақстанның болашағымыз» тақырыбында сыны псағаты өткізілді. Сынып жетекшісі білім алушыларды WorldSkills-тын  пайда болу тарихымен таныстырды. Бұл коммерциялық емес қауымдастық, оған мүше болу өз елдерінде орта кәсіптік білім беруді дамытуға жауапты мекемелер немесе органдар үшін ашық, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіптік даярлық пен біліктілік мәртебесі мен стандарттарын арттыру болып табылатындығы туралы айтып берді.

WSI-нің негізгі қызметі – әр түрлі елдерде WorldSkills  кәсіби шеберлік байқауларын екі жыл сайын ұйымдастыру. Қазіргі уақытта WSI-тың құрамына 57 ел кіреді. WSI-нің тұрақты өсуі дәстүрлі мамандықтар инновациялық технологиялармен бірге бүкіл әлемдегі халықтардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай үлес қосатының дәлелдейді.

WorldSkills International миссиясы мүше мемлекеттердің, әлемдік қоғамдастықтың бірлескен іс-қимылдарының көмегімен кәсіптердің және біліктіліктің жоғары деңгейінің экономикалық табысқа қол жеткізуге және жеке тұлғаны дамытуға өз үлесін қосуына жәрдемдесу болып табылады.

Құрылу тарихы. Мұның бәрі 1946 жылы Испанияда білікті жұмысшыларға үлкен қажеттілік туындаған кезде басталды. Испандық жастар ұйымының Бас директоры Хосе Антонио Элола Оласо: мұғалімдер мен әлеуетті жұмыс берушілер олардың болашағы кадрларды тиімді даярлау жүйесіне байланысты екенін түсінді. Осылайша, 1947 жылы Испанияда он техникумнан 4000 - ға жуық оқушының қатысуымен «Кәсіби-техникалық дайындық бойынша халықаралық жарыстар» бірінші ұлттық байқауы өтті. Алайда бастамашылардың алға қойған мақсаттары болды: жастардың кәсіби дайындыққа деген ынталарын ояту және әртүрлі елдердегі адамдардың дағдылары мен қабілеттерін салыстыру үшін бәсекелесуге ынталандыру.

Сынып сағатында топ жетекшісі таңдаған мамандығының маңыздылығы туралы айтып, балаларды өз мамандығын жақсы көруге шақырды және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға тілек білдірді.

Жаңартылған күні: 22.11.2021 11:11
Құрылған күні: 22.11.2021 11:11

Текст