2024 жылғы 20 қыркүйекте «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриалық колледж» МКҚК - да «Бірыңғай тәрбие» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес аптаның дәйексөзімен – «Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға!» 2-ші курстың білім алушыларменұлы Абайдың «Кедергі-бұл жол: уақытқа бағынбайтын сынақтарды жеңіске айналдыруөнері» деген сөзімен «Достық заңы басқа заңдардан маңыздырақ» тақырыбындағы іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара «Қазақстан халықтарының Ассамбелясы» тақырыбына арналды. Басшысының ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова балаларға этномәдени орталықтар арасындағы байланысты нығайтуға, Атбасар ауданы және жалпы облыс бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-әдіснамалық, сараптамалық және зерттеу базасын құруға және дамытуға, Қазақстан халқының бірлігі факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға жәрдемдесуге; Қазақстан халқының этномәдени, тілдік ерекшелігін сақтауға және дамытуға бағытталған Ұйымның қызметі туралы айтып берді. этностардың мәдени салт-дәстүрлеріне, тіліне және Қазақстанда тұратын барлық этностардың құндылықтарына деген толерантты және құрметпен қарауды жастар ортасында сіңіру тралы айтып берді. Слайд-презентация көрсетілгеннен кейін іс-шара Атбасар ауданының аумағында тұратын этностардың салт-дәстүрлерін білуге арналған тапсырмаларды орындаумен жалғасты.
ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова.