Текст
2024 жылғы 10 қазанда «Шаштараз өнері» мамандығының 1 курсының білім алушылары «В.П.Тихомирова» ЖК «VIVA» шаштаразы мен «А.Р.Сайдулаева» ЖК «Marha» сән салонына өндірістік экскурсия жасады.
Балаларға шаштараз жұмысының пайдасы туралы қорытынды жасауға көмектесу үшін оларға «Шаштараз-стилист» мамандығының құпиялары туралы айтылды. Білім алушылар шаштаразеңбегінің мазмұнымен, шаштараз қолданатын құралдармен (айна, тарақтар, бұйралағыштар, қайшылар, шаш кептіргіштер, шаш қиюға арналған электр машинасы, шаш қыстырғыштары және т.б.), шаш қию, сәндеу және бұйралау түрлерімен танысты.
Экскурсияны «Еңбегі адал жас өрен» Жобасын жүзеге асыру аясында өндірістік оқыту шебері И.С.Дубинина өткізді.
Аға шебер А.В.Гавриленко.