Текст
Тәуекел тобымен жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 2 ақпан күні оқу орнының әлеуметтік педагогі О.И. Белозерцева осы топта тұратын білім алушылар бойынша кезекті рейд өткізді. Рейд барысында үш білім алушының пәтерлеріне барып, ата-аналары және қамқоршыларымен өткізілген әңгіме хаттамалары мен тұрмыстық жағдайлар актілері жасалды. Әлеуметтік педагог білім алушылар қашықтықтан оқыту кезінде сақтауға тиіс карантиндік шаралар бойынша түсініктеме жұмыстарын өткізді. Білім алушылардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне жаддамалар мен ұсынымдар берілді.