«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында колледждің білім алушыларының мамандықтармен танысуы жалғасуда. 2024 жылғы 30 қазан күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының (өндірістік оқыту шебері Т.Д.Бабаева) екінші курсының студенттері жеке кәсіпкер А.М.Мейрамованың «DonBaton» наубайханасына барды. Балалар наубайхананың өнімдерімен танысып, ғимараттар мен өндірістік цехтарды аралады және қамырмен жұмыс бойынша өндірістік үдеріске қатысты. Айтпақшы, А.М.Мейрамованың айтуынша, ол өз өндірісін нөлден бастап, «Атамекен» РКП арқылы жеңілдікті несие алып, 8,6 млн.теңгеден астам сомаға жабдық сатып алып, қазіргі уақытта нан-тоқаш өнімдерінің 20-ға жуық түрін пісіріп жатыр. Білім алушылар аталған бизнес-жоспарға үлкен қызығушылық білдірді.
Аға шебер А.В.Гавриленко .