Текст
2024 жылғы 28 қазаннан бастап 8 қарашаға дейін Көкшетау қаласында «Құрылыс-технологиялық колледж» негізінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. Курстар үш секторға бөлінген. Бірінші сектор: нормативтік құжаттамаға сәйкес оқу бағдарламалары мен жоспарларды әзірлеу. Екінші сектор - жемісті сабақ құрудағы коучинг тәсілі. Үшінші секторда әлеуметтік серіктестер базасында өндірістік цехтарда тағылымдама ( практика) көзделген. Аграрлық-индустриялық колледж атынан біліктілігіні арттыру курстарын «Электрмен қамтамасыз ету», «Электржабдықтары» арнайы пәндер оқытушысы С.В.Ярош өтуде.