Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің I ұлттық байқауы

19.02.2021

2021 жылғы 12 наурызда Тараз қаласында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің І ұлттық байқауы өтеді, оның негізгі мақсаты – ұлттық киім үлгілері дәстүрлерін сақтау және оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазіргі заманға сәйкестендіру болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһанданудың барлық заманауи тәуекелдері мен сын-тегеуріндерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарының жандануына, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын танымал етуге бағытталған. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағдарына айналуға тиіс.

Қазақстан колледждері арасында «Нео-фольклор» стилінде I Ұлттық киім дизайнерлерінің байқауына Қазақстанның 27 колледжінен, 14 облысынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 50 адам қатысады. Аталған байқауға қатысуға біздің оқу орыны – «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК өтініш берді. «Қайнар маржаны» атты киімдер жиынтығын «Тігін өңдірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша екінші курстың білім алушысы Ведищева Галина жобалап шығарды. Өндірістік оқыту шеберлері Н.С.Ющенко мен К.Х.Альмамбетованың сезімтал және кәсіби басшылығымен заманауи рухқа сай, ұлттық киімнің ноталары бар үлгілер пайда болады. Киім үлгісін көрсету үшін әкімшілері Атбасар ауданының жас таланттарын дамытуға әрдайым көмектесуге және қолдауға дайын тұратын, «Қанағат» дәмханасының залы ұсынылды.

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст