2024 жылғы 14 қарашада «АТБ Motors» кәсіпорынының базасында және колледждің 105 аудиториясында АИК басшысының орынбасары Р.Н.Каппасованың, әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Шевченконың, арнайы пәндер оқытушысы В.Сарнацкийдің, өндірістік оқыту шебері А.Бурмистровтың қатысуымен өндірістік оқыту шеберлері Е.О.Кобзарь мен И.В.Бадло «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының тобында «ВАЗ-2107 авомобилінің іштен жану қозғалтқыш клапандарының жылду саңылауларын реттеу тәртібі» тақырыбындағы бірлескен сабақ өткізді. Теориялық сабақты өткізу барасында дидактикалық материал қолданылып, клапандардың саңылауларын реттеуге қажетті құрал, атап айтқанда жазық қуыс пен индикаторлық құрылғы көрсетілді, жөндеудің осы түрін жүргізу алгоритмі мен қажеттілігі түсіндірілді.
«АТБ Motors» техникалық қызмет көрсету стациясына келгеннен кейін реттеу бойынша жұмыстың практикалық орындалуы көрсетілді. Шеберлер Е.О.Кобзарь мен И.В.Бадло білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.