Бүгін, 26 қараша күні облыс орталығы Көкшетау қаласында «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубтар слеті өтті, оған «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК атынан «Көшбасшы» командасықатысты. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Ақмола облысының білім басқармасының қолдауымен балалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты өз тәжірибелерімен, әзірлемелерімен, пікірлерімен бөлісетін мұндай кездесулер жыл сайын өткізіліп тұрады. «Көшбасшы» командасы өз атауына сәйкес келетіндігін тағы да дәлелдеді - балалар «Саналы ұрпақ» слетінің жеңімпаздарыЩучинск қаласы ОШЭЖК командасынан бір ұпай артта қалып, құрметті екінші орынға ие болды.Біздің балаларды құттықтап, «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Гульзара Касеновна Жусуповаға команданы дайындағаны үшін алғыс айтамыз! Болашақта жеңістер тілейміз!
Т.П.Толкумбекова.