2024 жылғы 29 қараша күні «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ДІ-21 тобында теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіретін«Жұмысшы мамандығы – менің бейімділігім» тақырыбында бірлескен сабақ өткізілді. Топ «Ұстағыштар» және «Электродтар» деген екі командаға бөлінді. Командалардың жұмысын ОӨЖ жөніндегі орынбасар В.А.Зардиева, ОЖ жөніндегі орынбасар Г.А.Омарова және ОӘЖ жөніндегі орынбасар Р.Н.Каппасова құраған әділ қазылар алқасы бағалады.
Бірінші модуль теориялық. Білім алушылар арнайы пәндер бойынша викторина сұрақтарына жауап берді. Екінші кезең практикалық. Білім алушылар «Солдаматик» виртуалды дәнекерлеу тренажерларында өздерінің тәжірибелік дағдыларын көрсетіп, пластиналардың түйіспелі қосылыстарын көлденең күйде орындады. Табанды сайыста «Ұстағыштар» командасы 88 ұпай, «Ээлектродтар» командасы -82 ұпай жинады. Білім алушылардың жұмысшы мамандығын таңдап,таңдаған мамандығына қызығушылық танытқаны қуантады.
ОӨЖ жөніндегі орынбасар В.А.Зардиева .