Текст
Бүгін, 2024 жылғы 15 желтоқсан күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнің мерекелеу аясында «Атбасар қаласы, аграрлық-индустрпиялық колледж» МКҚК студенттері Ілияс Есенберлин атындағы мұражайға барып, аталған тақырып бойынша іс-шараға қатысты. Жиналғандар алдында Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К.О.Куатбеков, Атбасар қаласының этномәдени орталықтарының өкілдері сөз сөйледі. Студенттерге ұлы жазушының өмірі туралы айтып берді, атақты жерлесіміз тұтынған жәдігерлерді көрсетті. Экскурсия қызықты әрі танырлық болды. Іс-шараның соңында білім алушыларға тәтті тағамдар ұсынылды.