Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Қаңтар 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Салтанатты сызғыш

13.12.2024

13 желтоқсан күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты сап өткізілді. Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.А.Омарова құттықтау сөзбен сөйлеп, оқытушы Э.Д.Панаеваның жетекшілігімен өткен ағылшын тілі бойынша қашықтықтан өткен байқауда бірінші орын алғандары үшін ДІ-11 және ТҰ-11 топтарының білім алушыларына грамоталар берді. Басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова сыбайлас жемқорлықпен дүниежүзілік күрес күніне арналған «Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слетына қатысушылар – М-33 тобының білім алушысы Ниязбеков Тимурға, ЭВМ-34 тобының білім алушысы Сурсунов Данилға, ЭВМ-34 тобының білім алушысы Мамзолов Владимирге, Т-26 тобының білім алушысы Амангельдинов Темерланға, Э-22 тобының білім алушысы Иванов Павелге екінші дережелі дипломдар табыстады. Сонымен бірге, клуб жетекшісі Г.К.Жусуповаға екінші орын үшін 30.000 теңгеге сертификат табыс етілді. «Таза қала» экологиялық жобалардың облыстық конкурсына қатысқандары үшін экологиялық клубтың жетекшісі К.К.Байкенова және ТМ-31 тобының білім алушысы Владислав Евгеньевич Крейдер 30.000 теңге сомасына сертификат алды. Сохранная Ангелина өндірістік оқыту шебері Н.С.Тарынинаның жетекшілігімен «Аспаз» мамандығы бойынша халықаралық олимпиадада бірінші орынды жеңіп алды. Колледждің спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастырушы М.М.Урсулян төмендегі білім алушыларды марапаттады: А-1 тобының білім алушысы Вильман Эдуард Степногорск қаласында ауыр атлетикадан өткен турнирде жеңіп алған бірінші орын үшін дипломмен марапаталды. ТЭ-32 тобының білім алушысы Никита Гуфуров бицепске спорттық көтеру бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. Оған сертификат және куәлік табысталды. «Елдің күні біздің бірлігімізде» атты волонтерлік қызметтегі жетістіктері үшін Атбасар қаласының ЖРО жетекшісі К.Е.Рыспекова Т-26 тобының студеттері Моисеев Павел, Вагнер Иван және Шмидт Александр, Э-22 тобының білім алушылары Каштанов Богдан мен Муслимов Магомед марапатталды. 

Сап барысында музыка жетекшісі Т.А.Лямина дайындаған көркемдік номерлер орындалды. «Туған жер» әнің У-3 тобының білім алушысы Томирис Мусабаева орындады. ЭВМ-25 тобының білім алушылары Лухменова Алина, Куанышпаева Дильназ, У-23 тобының білім алушысы Бережная Дарья, ТҰ-11 тобының білім алушысы Новосад Рима әдемі қазақ биін орындады. Сапты жүргізушілер У-3 тобының білім алушысы Алиева Эльвина мен Т-26 тобының білім алушысы Амангельдинов Темерлан. 

Салтанатты сап Т.П.Толкумбекова мен Т.А.Ляминаның орындауындағы «Сильные люди» әнімен аяқталды. 

Тәрбие бөлімі.

Просмотров: 617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст