«Атбасар қаласы, аграрлық-индусториялық колледжде» өткізілген Психология апталығы аясында әлеуметтік педагог О.И.Жуменко бірқатар іс-шаралар өткізді:
Э-2 тобында «Көңіл-күй коктейлі» тренингі өткізілді. Оның мақсаты - топтағы психологиялық климатты жақсарту. Тренинг барысында студенттер әртүрлі «ингредиенттердің» біздің көңіл-күйімізге қалай әсер ететінін біліп, үйлесімді эмоционалды жағдай үшін өздерінің «коктейльдерін» жасауды үйренді.
Студенттермен қатар колледж педагогтары да қатысқан «Негатив шелегі» акциясы өткізілді.
Сондай-ақ, «Студенттің құпиясы» квест-ойыны өткізілді, онда 1-курс топтарының старосталары бірқатар міндеттерге тап болды, дәлелдерді зерттеп, нұсқауларды орындап, тапсырмаларды орындай отырып, олар «Студенттің құпиясын» шеше алды. Ойын аяқталғаннан кейін қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, А-1 тобының старостасы «Ең үздіке детектив» грамотасымен марапатталды.