10.03.2021
Бүгін 10.03.2021 ж.Атбасар қ. "АИК" МКҚК медицина қызметкері Зағи Шәмкенқызы Жакишева колледж жатақханасында тұратын білім алушылар үшін "Туберкулез және оның алдын алу" дәрісін өткізді. Заги Шамкеновна студенттерге туберкулездің алдын-алу, аурудың пайда болу ерекшеліктері, берілу жолдары және инфекциямен күресу шаралары туралы ақпаратты қол жетімді түрде жеткізді. Дәріс барысында жасөспірімдердің проблема бойынша хабардар болу деңгейі анықталды; аурудың берілу жолдары, туберкулезге тексеру, қауіпсіз жүріс-тұрыс және инфекцияның алдын алу мүмкіндіктері туралы сенімді ақпарат берілді. Дәріске 17 адам қатысты.
Тәрбиеші К. Байкенова