2024 жылғы 18 желтоқсанда Щучинск қаласында Жоғары техникалық колледждің 90 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы жастар - Қазақстанның табысты индустриялық-техникалық дамуының кепілі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысы екі секциядан тұрды. Бірінші секция «ТжКБ оқытушыларының инженерлік-педагогикалық қызметіндегі инновациялар» педагогикалық шеберханасы. Бірінші секцияға арнайы пәндер оқытушысы Сергей Владимирович Ярош қатысты. Екінші секция «Студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту - болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігінің негізі». Бұл секцияға оқу-тәрбие жұмысы бойынша жетекшінің орынбасары Татьяна Петровна Толкумбекова және 1 курс оқушысы Уткербаев Таир қатысты. Конференцияға қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының сертификаттарымен марапатталды.