19 желтоқсанда «Энергетик күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің негізінде «Энергиятиімділігі және энергияны үнемдеу» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Аграрлық-индустриялық колледж» атынан ғылыми жұмыспен «Электрмен жабдықтау» арнайы пәнінің оқытушысы Сергей Владимирович Ярош сөз сөйледі. Ғылыми-практикалық жұмыстың тақырыбы: «Теориялық дағдыларды жабдықтарда практикалық пысықтау әдістері».
Жұмыс колледждің практикалық қызметін дамытуға, арнайы пәндерді және практикалық сабақтарды оқыту кезінде арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік оқытудың маңызды міндеті мен мақсаты – ертең өндірістік алаңдар мен әлеуметтік серіктестер базаларында табысты жұмыс істей алатын жоғары білікті техникалық сала мамандарын шығару. Конференцияда «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының «Техник-электрик» біліктілігі бойынша 3-ші курстың студенттері қатысты. Өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерінен тұратын сараптау комиссиясының қорытындылары бойынша арнайы пәндер оқытушысы Сергей Владимирович Ярош құрметті екінші орынды иеленді.