Оған деген көзқарасты өзгертпей сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес!
«Заң және тәртіп» жобасын іске асыру аясында колледжде «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының басшысы Г.К. Жүсіпова Э-2 тобымен «Сыбайлас жемқорлық және оның салдары» тақырыбында әңгіме өткізді.
Әңгімелесудің мақсаты: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы нанымдарды қалыптастыру; студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу және құқықтық мәдениетін арттыру; азаматтық ұстанымды дамыту.
Әңгімелесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлық ұғымымен, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықтың түрлері, себептері және шараларымен танысты. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың мысалдары қарастырылып, олардың себептері талқыланды.
«Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының жетекшісі Г. К. Жүсіпова.