2025 жылғы 3 ақпанда П – 4 тобында («Шаштараз өнері» мамандығы) «Жақсы мінез – сарқылмас байлық» («Хороший характер – неиссякаемое богатство») тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар әдеп тарихы мен мінез-құлық мәдениетінің фактілерімен танысты. Мәдениет ұғымы адамдарға, табиғатқа, жануарларға, заттар әлеміне деген көзқарастың сыртқы көрінісін ғана емес, сонымен бірге адамның ішкі мәдениеті мен сұлулығын да қамтиды. Бұл сұлулық жеке қажеттіліктер мен қызығушылықтардың сипатында, өмір салтында, сөйлеу мәдениетінде, мимика мен жест-ишараның сұлулығында, принциптілік, тектілік, жауаптылық, әдептілік, адалдық және жанқиярлық сияқты қасиеттерді үнемі жетілдіруде көрінеді.
Кураторлық сағаттың соңында «Сіз қаншалықты жанжалды адамсыз?» тесті және «Айна» ойыны өткізілді.
Куратор: Бурова Анастасия Викторовна.