Текст
2025 жылғы 30-31 қаңтар күндері «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК 1-2 курс топтарында «Онлайн ортада өзін-өзі сақтау дағдылары» тақырыбында тренинг сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты: онлайн ортада өзін-өзі сақтау дағдыларын қалыптастыру, өмірлік жағдайларда жаңа білімді қолдану дағдыларын дамыту.
Оқушылар рөлдік ойынға қызығушылықпен қатысты, оның барысында интернеттегі қиын жағдайларда, кибербуллинг, фишинг, онлайн-дүкенде алаяқтық көріністерінде, жеке ақпараттар тараған жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйренді.