Қазақстанда көктемгі шақыру компаниясы басталды. Жыл сайын біздің республикада 18 бен 27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер әскери қызметке шақырылады.
11 ақпан «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Н.М.Садыков пен шекара өкілі, аға сержант Е.Р.Асанов болды. Әңгімеге үшінші курстың топтары ТМ-31 және ЭВМ-34 тобының білім алушылары қатысты.
Әскери өкілдер ҚР Шекара әскерлеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысын түсіндірді. Әңгімелесу барысында студенттер әскердегі қызметі туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойды.
Кездесу соңында аға сержант Е.Р.Асанов «Елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау Қарулы Күштердің басты міндеті болып табылады. Сондықтан жастарды тәрбиелеу және оларды Отанды қорғауға дайындау мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті», деп атап өтті.
Тәрбие бөлімі .