2025 жылғы 19 ақпан күні «Өндірісті автоматтандырудың жаңа тенденциялары, 21 ғасыр технологиялары» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция ойлайн-форматта өтті. «Аграрлық-индустриялық колледж» атынан «Атбасар станциясындағы КИПиА метрологиясы, өндірістегі рөлі мен маңызы» тақырыбындағы ғылыми жұмыспен «Электр жабдықтары» мамандығының 2 курс студенті Каштанов Богдан қатысты. Ғылыми жетекшісі Сергей Владимирович Ярош. Жобаны қорғау барысында Богдан Атбасар станциясының өндірістік цехтары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарында нақты жұмыс істейтің ТП БАЖ өндірістік жүйелері туралы ақпаратты түсіндірді. Сонымен қатар ғылыми жобада нақты өндірісте жұмыс істейтін метрология және өлшеу құралдары бойынша бөлім зерттелді. Сонымен қатар өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеруге қойылатын талаптар, құралдарды мемлекеттік тексеруге және есептен шығаруга қойылатын негіздер қаралды. Ең бастысы жұмыс нақты жабдықтарда және жұмыс істеп тұрған кәсіпорында зерттелді.
Арнайы пәндер оқытушысы Ярош Сергей Владимирович.