«Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК-да «Мейірімді жүректер» еріктілер қозғалысы жалғасуда. Еріктілер қозғалысы бізге адамдарға көмектесіп қана қоймай, командада жұмыс істеуді, көшбасшылық қасиеттерді дамытуды және қала мен аймақтың дамуына үлес қосуды үйренуге бірегей мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда еріктілер қозғалысында 18 білім алушы бар. Құрамында әр түрлі есепте тұратын студенттер, сондай-ақ біздің колледждің еріктілері бар. «Қамқор» жобасы аясында «Қоғамға қызмет ету» еріктілер акциясы ашылып, онда еріктілер белсенді қатысты. Бүгін де тұрғын үй-жайлардың су басуына жол бермей, біздің балалар Садулаев Ислам, Непокоев Данил, Галиев Рустам әлеуметтік педагог Жуменко Ольга Игоревнамен бірге Атбасар қаласының жалғыз тұратын зейнеткері Панова Тамара Александровнаның ауласын қардан тазартты.