Текст
2025 жылғы 20-21 ақпанда колледжде колледждің оқу топтары арасында «мини-футболдан» іріктеу жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушыларды
дене шынықтыру және спорт, облыстық жарыстарға қатысу үшін үздік спортшыларды іріктеу.
Жарысқа колледждің 10 командасы қатысты. Командалар 2 кіші топқа бөлініп, әр топтан 2 команда шығып, өзара айналма жүйе бойынша жарысты.
Қатаң күресте орындар мынадай тәртіппен бөлінді:
І орын - ЭВМ-34
ІІ орын А-21
III орын - Т-26
Жарыс кезінде жарақаттар мен жазатайым оқиғалар болған жоқ.
СМР ұйымдастырушысы: М.М.Урсулян.