Текст
2025 жылғы 26 ақпан күні «Тігін өндірісі» құзыреттілігі бойынша жұмыс алаңқайында колледжішілік WorldSkills Aqmola-2025 кәсіби шеберлік байқауы жұмысын бастады.
Байқауға 4 конкурсант – Грауман Дарья, Грауман Мария, Тяпкина Виолетта және 2024 жылдың түлегі Лебедева Ульяна қатысты.
Байқауға қатысушылар 3 конкурстық тапсырмаларды орындаулары тиіс: 1 модуль- «Эскиздеу»; 2 модуль – «Үлгілер жиынтығын жобалау, модельдеу және жасау»; 3 модуль – «Дайын бұйымды тігу».
Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың сарапшылары шақырылды: ЖК «Абинова Б.Ж.» - Абинова Ботагоз Жалеловна және
ЖК «Насырова М.,И.» Ахаева Хава. Қатысушыларға табыс тілейік!