Текст
6.03.2025 жылы Атбасар қаласында өткен «Көктем-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК білім алушылары қатысты. «Токарьлік іс» , «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша екінші курс студенттері өндірістік оқыту шеберлері Тимур Рысбекұлы Ибраев пен Эмиль Александрович Янковскийдің жетекшілігімен еріктілер мен статисттер ретінде қатысып, Атбасар ауданы ТЖМ жеке құрамымен бірлесіп іздеу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетті. Бұл іс-шаралар жыл сайын өткізіледі және аудандық су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге дайындығын айқындау кезінде негізгі критерий болып табылады.