Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады, бұл елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін маңызды қадам болып табылады. Жұмысшы мамандықтардың маңызы зор, өйткені олар экономиканың дамуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне, сондай-ақ өндірістік және техникалық саладағы прогреске тікелей әсер етеді
Бүгін колледжде Атбасар ауданының құрметті азаматы Вячеслав Андреевич Фёдоровпен кездесу болып өтті. Вячеслав Андреевичтың қарпапайым жұмысшыдан басшылыққа дейінгі еңбек жолы 47 жылы құрайды. 1963 жылы жас жігіт Атбасар локомотив депосына слесарьдың оқушысы болып жұмысқа орналасады. Кеңес әскерінің қатарындва қызмет атқарып келгесін оқуын жалғастырып, тепловоз машинисі болып еңбек етті. Целинноград инженерлік-құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» біліктілігі бойынша аяқтап, құрылыс ұйымында еңбек етті. 1984 жылдан бастап, зейнеткерлікке шыққанға дейін Вячеслав Андреевич Атбасар су құбыры және кәріз басқармасының бастығы болып еңбек жолын жалғастырды. Вячеслав Андреевичтың қарапайым жұмысшыдан басшылыққа дейінгі еңбек жолы осындай.
Әрбір мамандық құрметке лайық екенін есте ұстаған жөн, өйткені бұл әр адамның еңбегі мен еңбекқорлығы әлемді жақсартады және біздің өмірімізді өзгертеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы-бұл барлық еңбек түрлерінің маңыздылығы және әрқайсымыз қоғамның дамуына қандай үлес қоса алатынымыз туралы ойлануға тамаша себеп.
Сіздің өмір жолыңыз – бұл адалдықтың, табандылықтың және сіздің жұмысыңызға деген сүйіспеншіліктің мысалы.
Даналығыңыз, тәжірибеңіз және ізгі ниетіңіз үшін рахмет!
Оқытушы Ю.А.Гармашова.