Текст
Қатаркөл ауылындағы «Мал дәрігерлік және биотехнология жоғары колледжі» негізінде өткізілген Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына арналған «Жігер» спартакиадасы аясында «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжінің» «Арлан» әскери-патриоттық клубы «Тіреуден жатып тұрып, кері қарай секіру» номинациясы бойынша әскери-спорттық нормативтерді орындау бойынша «Отан қорғаушы» жарыстарына қатысты. Біздің А-1 тобының студенті Максим Седых үздік нәтиже көрсетті. Бұл іс-шара спортшыларды біріктіретін, салауатты өмір салтын насихаттайтын және ата-бабаларымыздың ерліктерін еске алатын маңызды оқиға болды.
АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы А.Б.Алпысбаев.