Текст
7 сәуір күні А-1тобында «Адам еріншектен ауырады, еңбектен сауығады» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат барысында білім алушылар еңбектің қолмен және мимен атқарылатын түрлерімен танысты. Еңбек мінез-құлықты қалай қалыптастырады және тәртіп,жауапкершілік және табандылық сияқты маңызды қасиеттерді дамытатына ерекше көңіл аударылды. Білім алушылар еңбектің тек әл - ауқат көзі ғана емес,сонымен қатар мықты денсаулық кепілі екенін растайтын өмірден мысалдар келтірді.
Сынып жетекшісі: Ковалёва Р.И.