2025 жылдың 10 сәуірінде Атбасар ауданы, Атбасар қаласындағы ГККП «Аграрлы-индустриялық колледжінде» Атбасар қаласының 180 жылдығына арналған «Сұлу Атбасар арнаймын» атты көркем сөз оқу байқауы өтті.
Байқауды Э-2 тобының студенттері Бапанов Алишер мен Балтабаев Мансур ашты. Олар Ораз Мұсайыпұлының «Атбасар — Сарыарқаның белді жері» атты өлеңін оқып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұл өлеңнің авторы Э-2 тобының кураторы Байтугулова Айслу Оразқызының әкесі болып табылады.
Байқауда авторлық өлеңдер де орындалды. А-1 тобының студенті Уткербаев Таир «Атбасар – сүйікті өлкем» атты өлеңімен екінші орынға ие болды, ал Т-26 тобының студенті Амангельдинов Темерлан «Алтын күзде Атбасар» атты өлеңімен бірінші орынды жеңіп алды.
Байқауға белсене қатысқандары үшін келесі студенттер алғыс хаттармен марапатталды: Алиева Эльвина – У-3, Мозер Роман – П-4, Алдабергенова Сабина – У-3, Герман Виктория – У-3.
Байқау соңында барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.
#180летиегородуАтбасар