2025 жылғы 14 сәуірде Э-2 тобында 1-курс студенттері арасында «Эко өмір салты» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – адам, қоғам және табиғат арасындағы өзара байланысты түсінуге тәрбиелеу. Кураторлық сағат «Табиғаттың тағдыры – біздің тағдырымыз!» деген эпиграфпен басталды.
Студенттер «Экологиялық мәдениет дегеніміз не?» деген тақырыпта ой бөлісті. Экологиялық маңызды мәселелердің бірі өз қаламыздың мысалында қарастырылды. Ең бастысы – бұл мәселе не себептен пайда болды деген сұраққа жауап табуға тырысты. Бұл мәселені шешу, Жерді сақтау және аман қалу үшін әрқайсымыз – ересектер мен балалар не істеуіміз керек деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасты.
Реченко В. және Соседа С. студенттерді америкалық ғалым Барри Коммонердің экология заңдарымен таныстырды:
«Барлығы бір-бірімен байланысты»,
«Барлығы бір жерге кетуі керек»,
«Ештеңе тегін берілмейді»,
«Табиғат бәрінен жақсы біледі».
Экологиялық мәдениет – осы заңдарды білу және орындау.
Сабақ соңында «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты бейнеролик көрсетілді.
Сынып жетекшісі: А.О.Байтугулова.