Текст
Бүгін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Атбасар қаласындағы «Аграрлық-индустриялық колледж» КМҚК-ның педагогтары Сандықтау ауданына барып қайтты. Онда олар колледжде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен қуана бөлісіп, дайындық бағыттары, мамандықтар мен біліктіліктер жайлы айтып берді, сондай-ақ түлектерге арналған болашағы бар жұмысқа орналасу бағыттары туралы баяндады. Сандықтау ауданы мектептері әріптестерімен болған жылы жүздесу біздің арамыздағы жемісті ынтымақтастық талапкерлер мен олардың ата-аналарына болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесетініне сенімділік берді.