2025 жылғы 16–17 сәуірде Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжі базасында «Заманауи киім және аксессуарлар дизайны» құзыреттілігі бойынша WorldSkills аймақтық чемпионаты өтті.
Аграрлық-индустриялық колледждің студенттері чемпионатқа белсене қатысып, оқу орнымызды лайықты түрде таныстырып, кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Біздің студенттер ұсынған ерекше және креативті жұмыстар сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Чемпионатқа қатысу — тәжірибе алмасуға, шығармашылық дамуға және кәсіби деңгейді арттыруға үлкен мүмкіндік болды.
Қатысушылар мен тәлімгерлерге дайындыққа сіңірген еңбектері мен колледж намысын абыроймен қорғағандары үшін алғысымызды білдіреміз! Алдағы сайыстарда да шабыт пен жаңа жетістіктер!