Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Мамыр 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру форумы

30.04.2025

«Жұмысшы мамандықтар жылы 2025» облыстық жоспарға сәйкес «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК кәсіби бейімдеу форумы өткізіліп, оған Сандықтау және Атбасар аудандарының 9-шы сынып оқушылары, мектептердің кәсіптік бағдар берушілері мен ТжКБ ұйымдары басшыларының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты. Барлығы форумға 420 адам қатысты. Бағдарлама өте бай болды, бағдарламаның бірінші бөлімінде оқу орнының зертханалары мен шеберханалары бойынша экскурсиялар өткізіліп, шеберлік сыныптары көрсетіліп, кәсәіби сынамалар өткізілді. Мектептердің кәсіптік бағдар берушілері мен ОТЖ жөніндегі басшының орынбасарлары үшін «Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейту»  тақырыбында секция өткізілді, онда жастардың мансаптық жолын қалыптастырудағы колледждің рөлі туралы өзекті мәселелер талқыланды. 

Аудандық мәдениет үйінде өткізілген бағдарламаның екінші бөлімінде қатысушыларға арналған концерттік бағдарламада жұмысшы мамандықтардың презентациясы көрсетілді. Колледжге арналған құттықтау сөзбен Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Куаныш Омырзаковчи Куатбеков сөйледі. Құттықтау сөзбен сөйлеген колледж басшысы Аскербек Жамантаевич Тюлебаев колледждің ардагерлері Б.А.Откульбаеваға, Л.И.Волковаға, В.В.Алиференкоға және әлеуметтік серіктестер Н.Н.Султангазинге, А.М.Мейрамоваға, Л.Е.Петроваға алғыс айтып, алғыс хаттармен марапаттады. 

Мерекенің шарықтау шегі болып ө/о шебері Н.П.Симченко дайындаған У-3 тобының білім алушыларының «Түнгі акварель» киім топтамасын көрсетуі және ө/о шебері Л. А. Башмакованың жетекшілігімен костюмін У-23 тобының студенттері тігіп алған жұмысшы мамандықтарының беделін білдіретін «Самұрық» мифтік құсының пайда болуы болды.

Түркі мифологиясында «Самұрық» құсы өзгеріс уақытын бейнелейді, ал бүгінде жастардан басқа кім армандайды, жасайды, жобалайды, әлемді жақсы жаққа өзгертеді. Бүгінгі ұрпақ армандап қана қоймай, жасай алады, әр мамандық – ортақ болашақтың бір бөлігі!

Т.Толкумбекова.

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст