«Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2025 жылғы 14 мамыр күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «LanaUzpazSTEP» ҚБ сарапшысы, Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Оксана Олеговна Волкова- Михальскаямен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Оксана Олеговна Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы айтты, ол ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отыратындығы туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдануымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылғандығы, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту және оның кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы азаматтық қоғам белсенді түрде тартылатындығы туралы айтып берді. Кездесу оқу орнының студенттері үшін танымдық және өзекті болды.