Текст
Кәсіптік бағдар беру жұмысы мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде негізгі құрал болып табылады, ТжКБ ұйымдары мектептердің бітіруші сыныптарының білім алушыларына дұрыс таңдау жасауға көмектесу үшін осы жұмыстың әртүрлі әдістерін қолданады. «Аграрлық-индустриялық колледж, Атбасар қаласы» МКҚК білім алушыларға болашақ мамандықтарын анықтауға көмектеседі, бүгін, 16 мамырда колледж қызметкерлері Атбасар ауданының Покровка және Полтавка ауылдарында кәсіптік бағдарлау кездесулерін өткізді. Оқу орнының міндеті балаларға таңдау жасауға көмектесу!