21.05.2025
Колледжде «Жасөспірімдер жұмыс істеуге барады» тақырыбындағы профилактикалық әңгімелесу өткізілді.
Білім алушылармен кездесу барысында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды:
-неліктен жасөспірімдер ерте жастан жұмыс істеуді бастауға тырысады;
-жасөспірімдерді жұмыспен қамтудың қандай артықшылықтары
мен кемшіліктері бар;
-кәмелетке толмаған жұмыскерлер тап болуы мүмкін тәуекелдер;
-жұмысқа орналасу кезінде өзіңізді қалай қауіпсіздендіруге
болады.
Ерекше назар Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына аударылды:
-әлеуметтік педагог білім алушыларды Еңбек кодексінің төменденгілерді регламенттейтін ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырды:
-ресми жұмысқа орналасуға қай жастан бастап рұқсат етіледі;
-жасөспірім қандай сағаттарда және қанша уақыт жұмыс істей алады;
-кәмелетке толмағандар үшін қандай жұмыс түрлеріне тыйым салынады.
Мұндай алдын алу шаралары оқушылардың құқықтық сауаттылығына ықпал етеді, еңбекке жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады және жасөспірімдердің жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын қорғауға көмектеседі.
Дәріс профилактикалық жұмыс аясында өтті және студенттердің қызығушылығын тудырды. Қамту: 75 адам, жасы: 15-17 жас.
Өткізген: әлеуметтік педагог О.И.Жуменко.