Текст
«Игі істер автобусы» жобасы аясында«Шаштараз өнері» мамандығы бойынша 1 курстың П-4 тобының студенттері өндірістік оқыту шебері И.С. Дубининамен бірлесіп түзету мектебіне барып, білім алушыларға шаштараз қызметтерін көрсетті.
Жылы кездесу, игі істер және шын жүректен күлімсіреу — студенттер түзету мектебінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық пен көңіл бөлді. Бұл игі іс қана емес, болашақ мамандар үшін де пайдалы тәжірибеге айналды.